Home Басты «Бекболат Тілеуханның анасы келінім болшы деп жылап айтатын» – Жанар Айжанова
Басты - Жұлдыздар құпиясы - 2021 ж. Наурыз 11

«Бекболат Тілеуханның анасы келінім болшы деп жылап айтатын» – Жанар Айжанова

Өзін бақытты жан санайтын әнші Жанар Айжанова өміріндегі бір өкініші, бір кем дүниесі туралы айтып берді. Айтуынша, Бекболат Тілеуханның анасы өзін келін қылып алуды армандаған. Алайда достықтан аса алмадық дейді өзі. Бұдан бөлек әнші қазіргі жолдасы жайлы айтты, деп хабарлайды alashainasy.kz.

Бекболат Тілеуханның анасы әнші Жанар Айжанованы ұлына алып беруді армандаған. Бұл туралы әнші Жанар Айжанова Ең алғашқы бағдарламасында айтып берді.

«Бекболат екеуіміз дос болдық, қатар шықтық. Бекболат – нағыз азамат, өнерін жақсы көремін. Мамасы мені қатты жақсы көргені соншалықты оңашада жылап та айтатын «Арманым – сені Бекболатқа алып берсем» дейтін. Алайда Бекболат екеуіміз достықтан аспадық», – деп өткенді еске алды өнер иесі.

«Бір кем дүнием – екінші тұрмысқа шықтым ғой, екеуіміздің арамызда бала жоқ. Арманым ер азаматымның өз кіндігінен Айжұлдызымның соңынан еретін іні болатын, не сіңлісі болып қарайласып жүретін бір перзент болса. Біз айтамыз, Алланың дегені болады. Маған салса, бірінші соны қалар едім», – дейді Жанар Айжанова.

Алайда барын бағалай білетін өнер иесі осы күніне де шүкіршілік ететінін айтты.

Ер бала сияқты өскен Жанар Айжанова балалық шағын еске түсірді. Өзінен жасы үлкен ағасы қарындасының қызыққа толы балалық шағын бүкпесіз баяндап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған