Home Басты «Баласын АҚШ-қа барып босанып келді»: Жанар Дұғалова «Байбекпен көңілдес» дегенге жауап берді
Басты - Жұлдыздар құпиясы - 2022 ж. Желтоқсан 26

«Баласын АҚШ-қа барып босанып келді»: Жанар Дұғалова «Байбекпен көңілдес» дегенге жауап берді

Танымал әнші Жанар Дұғалова ел арасында Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекпен көңілдес екен деген әңгімеге жауап берді. Сондай-ақ ол жақын күндері қайтадан АҚШ-қа кетпек, деп хабарлайды Экспресс К.

Жанар Дұғалова жан сырын Nege.kz сайтындағы сұхбатында айтқан. Ол ел арасында тараған қауесеттің дұрыс еместігіне тоқталыпты. Тіпті «Жанар Дұғалова Бауыржан Байбектің көңілдесі екен. Баласын АҚШ-қа барып босанып келді» деген сыбыстың да шындыққа жанаспайтынын айтқан. Оның экс-шенеунікпен ара қатынасы тек өлеңмен шектеліпті.

«Бауыржан Қыдырғалиұлын өз басым өмірімде екі-ақ мәрте көрдім. Соның бірінде менімен жақын сөйлесті, қасында жары Жанар болды. Ол кісі менің «Смирение» деген өлеңімді жақсы көреді екен, соны оқып беруімді өтінді. Бәлкім, жары Жанармен аттас болғанымнан кейін көпшілік шатастыратын шығар. Оның қыр-сырын өзім де түсінбедім. Әйтпесе, мен ешкімнің тоқалы болған емеспін және болмаймын да. Бұл менің тектіден алған тәрбиеме жат, тіпті ойлаудың өзі ұят. Адамдар әнші болса болды, міндетті түрде біреудің көңілдесі немесе тоқалы деп түйіндейді», — дейді әнші.

Сондай-ақ ол сұхбат соңында АҚШ-қа ақпан айында қайтадан кететінін де айтқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған