Home Басты «Даяшының бәрі қазақша түсінеді»: Ләйлә Сұлтанқызы халықты ана тілімізде сөйлеуге шақырды
Басты - Көзқарас - 2022 ж. Қазан 4

«Даяшының бәрі қазақша түсінеді»: Ләйлә Сұлтанқызы халықты ана тілімізде сөйлеуге шақырды

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын қазақша сөйлеуге үгіттеді. Сөзінше, әсіресе көпшілік мейрамханаларға барғанда қазақша түсінетін даяршыларға орысша сөйлеседі. Тележүргізуші тіліміздің қолданысын кеңейтуге кеңес берді, деп хабарлайды, Stan.kz порталына сілтеме жасап.

Ләйлә Сұлтанқызы қазақ тілінің көркемдігі сонша кез келген жерде сауданы да өткізіп, адам жанына жылы әсер беретінін айтты.

«Сенбі ғой, бала-шағаны жаттығу залына жіберіп, жапон ресторанына бардық. Іші адамға толы екен. Даяршы қазақтың қызы, орысшаға судай, менюды түсіндіре бастады. Қазақша сөйлей бастап едім, апай, мына суши күшті, сашимидің дәмі тіліңізді үйіреді, сорпаларындағы калория төмен, балықты сондай жерден арнайы алдырамыз деп жарнамалағанда барлығын жегім келді», — деп жазды журналист.

Журналист тілімізді тұншықтырмай, қысылмай сөлеуге үгіттеді.

«Сіңлімнің іші толып қалған-ау, жиі келіп тұрыңызшы, мұнда қазақша сөйлейтіндер аз келеді деп шығарып салды. Мейрамханаға барсаңдар қазақша сөйлеңдерші өтініш, даяршының бәрі негізі қазақша түсінеді және сөйлейді»,- деп қосты ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған