Home Жаңалықтар Әншілерге әнді фонограммамен орындағандарын мойындауға тура келеді
Жаңалықтар - 2020 ж. Маусым 9

Әншілерге әнді фонограммамен орындағандарын мойындауға тура келеді

Қазақстанда көрермендерге әншілердің әнді фонограммамен орындағандары туралы ескертуі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл норма мәдениет мәселелері жөнінде мәжілісте қаралып жатқан заңжобасына кіргізілген.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, қазір қоғамда отандық әншілердің  фонограмманы қолдануына қатысты даулы мәселе туындаған.

– Заң жобасында аудиторияны фонограмма қолданылатыны жайлы алдын ала ескерту жөнінде норманы ұсынып отырмыз, – дейді министр.

Сонымен қатар, жанды дауыспен берілген концерттердің билет бағасы фонограммамен салыстырғанда қымбатырақ болмақ. Бұл ұсыныс та қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетсек, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов әншілерге фонограмма пайдалануға тыйым салуды ұсынған болатын. Оның пікірінше, фонограммамен ән айтуды әншілердің көрерменге көрсеткен құрметсіздігі деп тану керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған