Home Басты Роза Әлқожа: Тасыған су Айдаркөлге барғанша айналасындағы ауылды шайып кетеді
Басты - Қоғам - 2020 ж. Мамыр 5

Роза Әлқожа: Тасыған су Айдаркөлге барғанша айналасындағы ауылды шайып кетеді

Отандық әнші Роза Әлқожа су басқан Мақтаарал ауданының жағдайына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды juldyzdar24.kz.

«Әншейінде осы қалада бейбіт халықтан қауіптеніп қаптап жүретін ұландар қайда?! Осындайда жібермей ме көмекке? Әскери палаткалар қайда төтенше жағдайға арналған? Болмаса еріктілерді шақырмай ма?!. Күннің астында, өздері көмектесіп жүрген жандарыым! Дариға әпкеміз Қоғалыға арнайы барып ақпарат берді. Алла разы болсын! Бірігіп білек күшін көрсетіп, жұмылып жүрек сөзін жеткізіп жатқан жамағатқа Алла тағала сауаптан жазсын! Сардобадан тасыған су Лайқы бойымен келіп, Қоғалыдан өтетінін бәріміз білеміз. Айдаркөлге барғанша айналасындағы ауылды шаюы заңдылық. Біз неге қаннен қаперсіз жатамыз осы? Сосын неге баяу қимылдаймыз?», – деп жазды әнші парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған