Министр әнші Бүркітке 42500 теңгеге өтініш беруге кеңес берді
«Халық аурудан емес, аштан өледі» деп Мемлекет басшысына үндеу жолдаған белгілі отандық әнші Бүркітке Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді, – деп хабарлайды juldyzdar24.kz.
Министр өз кезегінде танымал әншіге 42500 теңгел жәрдемақы алу үшін өтініш беруді ұсынды.
«Қиыншылық туғызған бүгінгі жағдайға орай, біздің мемлекетіміз жеңілдіктер ұсынып отыр. Сондықтан біздің әртістеріміз де, мәдениет, архив, туризм салаларындағы, егер өздерінің күнделікті табысынан айырылып жатса, әрине, мемлекеттің ұсынып отырған әртүрлі ұсыныстарына олардың да қатысуға мүмкіндігі бар», – деді ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова КТК арнасының тілшісіне.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Бүркіт видео үндеу жасап, онда Мемлекет басшысынан карантин режимін жеңілдетуді сұрап, «Халық аурудан емес, аштан өледі» деп айтқан еді.