Мына түрімізбен қытайшалап жылан, құмырсқа теріп жеп кетпесек де?..
Базардағы баға у мен зәр! Үкімет-ау, Үкімет!.. Ұшқан нарықпен қара халқың қайтіп күн көрмек?! Айдың күні аманда Маңғыстауда малға жұт басталды деп дабылдатып жатыр… Малмен қоса халыққа да жұт әкеліп жатсыңдар, не бітіріп отырсыңдар?! Ет жеу – арманға айналды. Асқа қосатын пісте майың қанатсыз ұшты! Халық – күнін қалай көрерін білмей теңселе бастады. Жарыққа қосылған бағаны айтқанмен сенбессіңдер. Жалақымыз сол күйі батпандап тұр. 120 000 теңге жалақыма қалай күн көрем?! Нарықты тізгіндеуге шамасы жетпейтін, халықтың күйімен санаспайтын үкіметің кімге керек?! Мына түрімізбен қытайшалап жылан, құмырсқа теріп жеп кетпесек де?.. Тап қазір көкөніс пісіп, нарық төмендей ме десек, керісінше – шарықтап жатқаны ашу келтіріп жатқанын ескеретін билік бар ма өзі? Мәселен, Шымкенттің айналасы қаптаған теплицадан көрінбейді. Базарда қызанақ 450-500 теңгеден түскен жоқ. Сонша теплица өнімін сыртқа артқанша, алдымен Шымкент тұрғынын тиімді бағалы өніммен қамтамасыз етіп, артылғанын шетке жіберсін. Өйтпеген жағдайда теплицаға бөлінген жерлер қайтарылып алынсын! Мал да солай – Өзбекстан мен Иранға кетіп жатыр. Қанат байлап ұшпайды ғой, кеден арқылы өтетін шығар. Кеденге неге тиым жоқ?! Базардағы бағаны көріп жыным кеп… Қысқасы, біздің ел – есік-терезесі ашық-шашық, жаттар қалаған жерін ойып жеп жатқан, көршінің иті төбемізге сиген иесіз елге айналды. Ақыры не боларын?..
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан