«Жасым 36-да, әлі жыныстық қатынасқа түспегенмін» – Әсел Сәдуақасова
Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова желі қолданушыларының жеке басына қатысты сұрағына жауап берді, деп жазады kznews.
Әнші әрі актрисаның Instagram желісіндегі оқырмандарының бірі одан жыныстық қатынасқа түскен-түспегені туралы сұрады.
«Мен 36 жастамын. Осы күнге дейін интимді қатынаста болған емеспін», &mdash деді ол.
Сондай-ақ, ол жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.
«Бәріңізге бірден жауап берейін. Сіздер жеке парақшамнан және басқа жерден маған қатысты көп нәрсе көріп жүрсіздер. Менің жеке өмірім тек өзіме тиесілі. Сол себепті бұл менің өмірім. Расымен де, жасырынатын интровертпін», &mdash деп жазды ол.
Әрі қарай жігіттерге қатысты талғамына тоқталды.
«Ең бастысы, адамгершілігі мен мейірімділігі болуы керек. Мінезім берік адаммын. Ер адамның менен мықтырақ болуы маңызды. Балалар мен жануарларды жақсы көруі тиіс. Ақылды, жомарт, әзілдей алатын және көп жұмыс істегенді жақсы көрсе екен деймін», &mdash деп аяқтады ол сөзін.