Жолбарыстың жыныс мүшесін ұстап видеоға түскен қыз дауға қалды (видео)
Таиландтағы Жолбарыстар патшалығында жыртқыштың жыныс мүшесін ұстап видеоға түскен саяхатшы аурдың басы дауға қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Саяхатшы бойжеткен Солтүстік Таиландтағы аңдар орталығына барып, жолбарыспен видеоға түскен. Алдымен ол үлкен мысықты сипалап, содан кейін жыртқыштың сыртқы жыныс мүшесін ұстаған.
Турист әлеуметтік желіде жариялаған видеосында бұл сәт бейнеленбеген. Дегенмен ол фотосуреттің астындағы жазбада қол өзінікі екенін мойындаған.
ВИДЕО: www.facebook.com/tiger.linly.7/videos/3488257727886076/
Желідегілер бұл іс-әрекет тек қауіпті ғана емес, қорлық болғанын айтты. Ғаламтор жас қызға «жолбарысты қорладың» деп айып таққан.
«Бұл өте дөрекі. Сенің бұған құқығың жоқ», – деді желі қолданушылардың бірі.
Болған жағдайды естіген жануарларға қараушылардың басшысы Пиром Кантама адамдар селфи жасаған кезде бәрі бақылауда болатынын айтқан.
«Біз туристерге жолбарыстардың жыныс мүшесін ұстауына рұқсат етпейміз, алайда біздің мамандар бар кезде жануарларды қолмен ұстауға болады. Бұдан былай бірде бір келуші жолбарыстың денесінің осы бөлігіне енді қол тигізбеуіне күш саламыз», – деді Пиром Канатама.
Айта кету керек, зоо саябақ қызметкерлері келушілер аңдармен суретке түсуі үшін, олар жануарларға тыныштандыратын дәрі береді.