Димаш Құдайберген тағы да ең танымал әртіс атанды
Димаш Құдайберген тағы да Қытайдағы үздік шетелдік әртіс атанды, деп хабарлайды DimashNews порталы.
7-28 маусым аралығында танымал қытайлық Sina платформасында Sina News және Sina Entertainment ұйымдастырған Leading 2020 Sina Entertainment Festival байқауына дауыс беру уақыты болды. 21 күнде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген 1.404.488 дауыс жинап, «Ең танымал шетелдік әртіс» номинациясында жеңімпаз атанды.
Sina – қытайлық интернет компания, ол бүкіл әлем бойынша 100 миллион қолдаланушымен сөйлесуге мүмкіндік беретін платформа. Компанияның 4 негізгі бағыты бар: Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet. Sina және оның платформаларының Қытайдың медиа кеңістігі мен ойын-сауық саласына ықпалы зор.