Расында, біз, қазақ әйелдері, бір күйеуді қызғанып жүріп, одан бар тапқанымыз екі бала болғанда, дұңғандар мен ұйғырлар күйеуіне екінші әйелді қазақтан әперіп, қазақ қыздарын олардың ұрпағын көбейтетін «инкубаторға» айналдырып отыр…
Қыз-келіншектер, шынымен ұлт болашағын, ұрпақ болашағын ойлайтындарың рас болса, дұрыстап ойлаңдар… біз қазақтарды көбейтпеу саясатын жүргізген «бір күйеуге – бір әйел» деген кеңестік идеологияның тізгініне жармасып айырылмай жүргенде, күйеуіміздің потенциалды потенциясын қызғанып жүргенімізде, күйеуіне бәйбішесі екінші әйел алып беретін біздің оригинал атадәстүрімізді де жатжұрттықтар патенттеп алыпты…
Қолды болған атадәстүрімізді кері тартып алайық!..
Қалжыңсыз. Біздің осыншама кең байтақ жерде санымыздың тым аз болуы – осы жердегі аз санды ұлттардан айырмашылығымыз аз екенін көрсетеді, яғни, біз де жойылудың алдында тұрған ұлттар қатарындамыз.
Сәуле Әбілдаханқызы,
Фейсбук парақшасынан