Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атышулы «Қалаулым» бағдарламасына қатысты тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешім шығарылады», – деді президенттің баспасөз хатшысы.