Тәуелсіздіктің құрметіне 30 жасар кәсіпкер өз сүйікті көлігін сыйламақ
Еліміз Тәуелсіздік алған жылы туған жас сәбилер бүгінгі күнде отызында орда бұзған, аяққа нық тұрған азаматтар мен азаматшаларға айналды. Тек өмірде ғана емес, өздері таңдаған кәсіби саланың да шыңын бағындырып келеді. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас жастарымыздың бірі «Medi Tekstil» компаниясының директоры Нұрғазы Көшкімбайұлы бүгінде сауданың қыр-сырын жетік меңгерген ірі кәсіпкерге айналып үлгерген. Жастайынан әр түрлі жұмыстың дәмін татып, өз нәсібін саудадан тапқан Нұрғазымен сұхбат құрып, іскер жастарға қызық болатын жауаптар алдық.
– Нұрғазы, ең алдымен туып-өскен жеріңізден бастасақ?
Ата-әжелеріміз батыстың Маңғыстау өңірінің тумалары, сонау Сталин режимінде ары-бері көшіп қонып жүрген екен. Әкем Түрікманстанда, мен де сол өңірде туып өстім. Кейін сол жерде білім алып, ал жоғары оқуды Түркияда тамамдадым. Білесіз, түрік халқы саудаға өте мықты! Оқу барысында түрлі мастер-класстарға қатысып, жиі базар аралап осы сауда мәселесіне үңілдім.
– Тәуелсіздіктің құрдасы болудың ерекшелігі бар ма сіз үшін?
Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік таңында мен де дүниеге келіппін. Оны бала кезде әрине сезінбейсің, бірақ өсе келе өз қатарластарың жайлы сөз болғанда өзіңе де қатысты екенін сезінесің. Кейінірек еліміздің 10 жылғы, 20 жылғы жетістіктері айтылып, нәтижесін ел көріп жатқанда ойланатын болдым. Тәуелсіздікпен құрдас болу тек мақтаныш емес, үлкен жауапкершілік екенін сезіндім. 30 жаста не істедім, еліме қандай үлес қоса алдым деп ойлап жүрмедім десем өтірік. Кейде ұйқысыз кезеңдер де болды.
– Сонымен жауапкершіліктің нәтижесі сізді кәсіп бастауға әкелді ме? Жалпы кәсіпке қалай аяқ бастыңыз?
Мен бала кезден дәрігер болуды армандадым. Осы саланы меңгеріп, мықты дәрігер болғым келді. Бірақ менің өмір жолымда қалағаным бола қойған жоқ. Сабақты жақсы оқығаныммен дәрігерлік бұйырмады. Сол жылдары Түркияда оқу ерекше мақтаныш болатын. Емтихан тапсырдым. Менің балл механик инженер мамандығына жетті. Әрине өкінбеймін. Бірақ саудаға бейім екенім қатысқан семинарлардан байқап жүретінмін. Қызығушылық бар, қолымнан келеді, адамдармен жақсы тіл табысамын, ұйымдастыру қабілетім жоғары. Кәсіпкер болу үшін осы қарапайым ережелер маңызды деп ойлаймын. Түркия елінде жоғары оқуды тамамдағаннан кейін Ақтауда бірнеше шетелдік мекемелерде жұмыс атқардым. Алғырлығым мен ұйымдастыру қабілетім, адамдар мен тез тіл табысып кетуім бірнеше мекемені қызықтырған сияқты. Шақыртулар көбейе бастады. Бірақ өз басым кішкене тәжірибе жинап жеке бизнес ашып, еліме үлес қосқым келетін. Адамдарға пайдам тисе деп армандайтынмын.
– Бізге қызық болып тұрған жайт, не себепті үйге қажетті текстиль, яғни, қыз-келіншектер қызығатын тауар түрін таңдадыңыз?
– Мен студент болып қып жүрген кезде Түркияда жиі базар аралап жүріп, ішкі сауда құпияларын, тауар өтімділігі, халыққа қажет дүниелерді саралап, кішігірім анализ жасап жүретінмін. Нәтижесінде, үй жабдықтары мезгілді талғамайтын өнім екенін, базардың тұтынушылары көбі әйел адам екен ескеріп, осы өнімді бірден таңдадым. Әйел заты жаңашылдықты әрі үйге жылы атмосфера қалыптастырғанды жақсы көреді. Соның бәрін ескеріп, саналы түрде үйге қажетті текстиль түрін таңдадым.
-Ер азамат ретінде соңғы трендтегі үлгілерді таңдауда қиындықтар туындамайды ма?
– Еш қиындығы жоқ. Себебі, мен бұл жерде әйел немесе ер адамның дүниесі деп қарамаймын. Бұл менің жұмысым болғандықтан кәсіби көзқараспен қараймын. Осы саланы күнделікті зерттеймін, саралаймын. Мен ойлаймын 5 жыл ішінде нөлден бастап бүгінгі жетістікке жетуімнің басты себебі саудаға кәсіби көзқараспен қарағанымнан шығар. Өйткені, нарықтағы барлық жаңашылдықты ескеріп, өз кәсібімде қолданамын. Бұл саланы зерттеп отыруым, үнемі сараптама жасауым маған жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
-Бүгінгі жетістігім деп кәсібіңіздегі нақты нені айта аласыз?
– Жоғары да айтып кеткендей мен әр түрлі жұмыс істеп, басқа мамандықты игеріп жүріп қажетті тәжірибе жинадым. Түбінде сауданың берекесі барын түсініп толықтай өзімді нарықтың майталманы болуға бел будым. Бес жыл бұрын Алматыдағы «Кенжехан» базарында кішігірм үстелді арендаға алып, өзім сауда жасап тұрған қарапайым саудагер едім. Ал бүгінде Қазақстанның экономикалық маңызы бар қалаларында орналасқан ірі сауда орталықтарында бірнеше дүкендерім бар. Сонымен қатар, мен 5 жыл бұрын алып сататын жәй саудагер едім. Бұрын Түрік елінен, Түркменстаннан, Өзбекстаннан өнімдер алып сататын болсам, бүгінде өз еліміздің мақтасынан өнім шығаруды жоспарлап жүрген жас кәсіпкермін.
– Аз уақыт аралығында айтарлықтай нәтижеге жетудің құпиясы неде?
– Мен саудаға тек табыс көзі деп қарамаймын. Менің тұлғалық болмысымды қалыптастырар трамплин ретінде қараймын. Айналысып жатқан ісімнің барлық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге тырысамын. Шетелдегі өз күшімен көтерілген кәсіпкерлердің өмір жолдары жайлы кітап оқимын, кино көремін. Оны талқылап, өзіме қажетті жерлерін түртіп отырамын. Сауданың тек дәстүрлі әдістерін қолданбаймын, қазіргі жаңашылдықтың барлығын өз ісіме эксперимент жасап көремін. Яғни, мен өзіме күнделікті осы кәсібіммен бірге өсуді, дамуды көздейтін обьект ретінде қараймын.
– Яғни, қарапайым саудагерден үлкен кәсіпкерге жетудің түбі физикалық еңбекті ғана емес, ақылды талап етеді дейсіз ғой?
– Өте дұрыс айтасыз. Сауда жасап жүрген аға буын өкілдері 20 жыл бұрын қандай болды, бүгінде әлі сол өзгеріссіз қозғалмай отырғандары өте көп. Себебі, ол кісілердің кеңес дәуірінде қалыптасқан түсініктеріне тікелей байланысты деп ойлаймын. Ал біз Тәуелсіз елдің жастары ретінде бізге жақсы мүмкіндіктер өте көп. Қай саланың шебері болам десеңізде барлық жол ашық. Тек еңбек етіп, білімді жетілдіріп отыру керек.
– «Жас келсе іске» деп бекер айтпаса керек. Жан-тәніңізбен кәсібіңізді жақсы көрудің құпиясы неде?
– Алғыс алуда шығар. Мен тұтынушыларымның әр қайсысын өте қатты жақсы көремін. Дүкенімізге кірген әрбір адамды құрметтеп қарсы алып, көңілді етіп шығарып салуға тырысамыз. Сонымен қатар, біз клиентерімізге үнемі тегін сыйлықтар таратып, әр түрлі ойындар ойнатып тұрамыз. Бір шетінен тұтынушының қызығушылығын артырамыз әрі сыйлық ұтқан жандардың алғысын аламыз.
– Өте тамаша екен. Анығын айтқанда нақты не сыйлайсыздар сонда?
– Негізі көтерме саудада болсын, дүкендер болсын сыйлық сыйлау «шығын» ретінде қаралады. Ал мен керісінше «үлкен» кіріс, таптырмас мүмкіндік, тамаша жарнама деп санаймын. Әрине ұйымдастыру жағы өте қиын. Бірақ сыйлық сыйлау, біреуді қуантып жүру сауап деп білемін. Қазірге дейін үйге қажетті техникалар, теледидар, кілемдер, шаңсорғыш сияқты құнды сыйлықтарды таратып тұрамыз. Бұйырса жақында өз маңдай теріммен армандап жүріп жеткен Toyota Camry автокөлігімді тұтынушыларымның біріне сыйласам деп тұрмын. Арнайы байқау өткізіп, кішігірім шарттарын орындаған кісілердің арасынан таңдау жасап, көлікті сыйлау ниетім бар.
– Сіздердің клиенттерде арман жоқ шығар. Өзім де қатысқым келіп кетті.
– Әрине қатыса аласыз. Осы кілт Сізге бұйырып тұрған болар бәлкім (күліп қояды-қолындағы тойота камридің кілтін көрсетіп). Кез келген қыз келіншек үйге қажетті төсек жабдығын тез-тез ауыстырғанды, жаңасын алғанын қалайды. Сондай болсаңыз www.meditekstil.kz сайты арқылы немесе дүкендерімізге келіп сауда жасасаңыз жеткілікті. Үйге керек нәрсені сірә аласыз ғой. Осы акция кезінде алсаңыз қасына техникамен қоса Тойота Камриді сыйлаймыз.
Біздің call-centre 8700-026-36-46 (whatsapp)
– Сұқбатыңызға рахмет. Сіздерге тек сәттілік мол табыс тілеймін.
– Сізге де рахмет уақыт бөлгеніңізге.
Е. Жаубай,
Қазақ үні