Ермахан Ибраимов: Бес жыл мені ешкім депутаттықтан айыра алмайды
Жаңадан Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған спортшы, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов ASSYLTAS TV арнасына сұхбат беріп Алматыда өткен митингке не үшін барғанын түсіндірді.
Бұл туралы «Жұлдыздар құпиясы» хабарлайды.
Өз сөзінде боксшы «Билік партиясының өкілі ретінде алаңға барып, олармен сөйлескісі келгенін» айтты.
– Жиналғандар ар-намысыма тиетін сөздер айтқасын, жынданып плкаттарды жыртып тастадым. Ол плакаттарда арандатушы сөздер жазылған, – деді Ибраимов.
Сонымен қатар, боксшы өзінің мәслихат депутаты ретіндегі жоспарларымен бөлісіп, «Алдағы 5 жылда мені ешкім депутаттықтан айыра алмайды» деді.
Еске сала кетейік, қаңтардың 10 күні Олимпиада чемпионы Алматы қаласында өткен митингке барып, жиналғандармен жанжалдасып қалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желі мен БАҚ-та кең тарады.