Сәдуақасова тәртіп сақшыларының назарына не себепті іліккені белгілі болды
Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасованың көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды, – деп хабарлайды «Жұлдыздар құпиясы».
«10 күн нөмірсіз өмірім! Байғұс көлігім не көрмеді , десеңізші, тұрған жерінен айыппұл тұрағына да алып кетті. Артымнан екі рет полиция қуып тоқтатты. Әр 100 метрден кейін қайта полицияның жігіттерімен сәлемдестім. Айыппұлдарды айтсаңызшы. Мен өзімді өте біртүрлі сезініп жүрдім, ақыр соңында, құрсыншы, мінбей-ақ қояйыншы, нөмірлері келгенше&ldquo деп қойып қойғанмын машинаны.
Бұрыңғы нөмерлерімді күту аясында ғой. Автокөлік жүргізушілері нөмірсіз 1 сағатта жүре алмайсыз. Тырыспаңыздар. Қандай береді соны ала берген дұрыс па деген ой да мазалады. Бірақ, сол 10 күн өтті, сағына күткен нөмерлерім келді. Енді бас көшелермен де емін-еркін жүре алатын болдым. МАИ қызметкерлері жарайсыңдар, көздерің бүркіттің көздері ма деп қалдым» , – деп жазды Сәдуақасова.