Дариға Назарбаева ұлының өлімі туралы сөз қозғады
Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан Назарбаевтың көз жұмғаны туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дариға Назарбаеваның сөзі Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
«Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз»- делінген жазбада.