Алла-Тағала Мұса пайғамбарға не деп жауап берді
Мұса пайғамбар айтты:
«Ей, Алла-Тағала, адамдарға саулық бердің ауру бермесең не болар еді?»
Алла-Тағала:
«Ей, Мұса, адамдарға саулық беріп, ауру бермесем, мені ешкім де есіне алмас еді» – деп жауап қайырды.
«Ей, Алла-Тағала, бізге тіршілік бердің, өлімді бермесең болмас па еді?»
Алла-Тағала былай деп жауап қайырды:
«Ей, Мұса, тіршілік беріп, өлім бермесем, халық менен қорықпас еді».
-«Ей, Алла-Тағала, адамдар үшін жұмақты жараттың, бірақ тозақты жаратпай-ақ қойсаң болмас па еді?»
Алла-Тағала айтты:
«Ей, Мұса, егер тозақты жаратпасам, ешкім менің рақымымнан үміттенбес еді»
Мұса пайғамбар айтты:
«Я, Алла-Тағала, сен адам болсаң не қалар едің?»
Алла-Тағала:
«Мен адам болсам тыныштық қалар едім»-деді.
Құран кəрімде, Алла-Тағала:
«Сендердің жүректерің мені еске алуларыңмен тыныштық табады»-деді.