Қыз күйінде тұрмысқа шықпаған әйелдер күйеулерінен таяқ жеп жүреді – Жеңіс Құспан
Менің түсінгенім, басқа пәле тілден дегенмен, әйелі қанша шайпау болса да еркек одан оны өлімші қылып сабамайды, көп болса бір шапалақ берер. Сүйіп қосылғанмен, көп жағдайда қазіргі қыздың бәрі «қыз» күйінде күйеуге тимейді. Артық айтпайын, 50%-ы таяқты содан жейді. Жігіт білсе де, басында махаббат дегенмен келе-келе іші күйеді, қызғанады. Ішетін болса күйігі бетіне шығады, «күнәсі» бар әйел үндей алмайды көбіне. Келе-келе еті үйренеді таяқ жеуге, күйеуі есерсоқтау болса – ет қызуымен өлтіріп те алады.
Сондықтан қыздарға «пәк» болудың отбасын құрудағы маңыздылығын түсіндіріп, тәрбиелеу керек.
P.S.(Соңынан қосылды)
Әңгіме таяқ жейтін әйелдердің 50%-ы туралы)
Жеңіс Құспан,
Фейсбук парақшасынан