Роза Рымбаева: Көп ұлтты ел екендігімізді ұмытпайық
Танымал қазақ әншісі Роза Рымбаева Қазақстан халқын бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға шақырды.
Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды «Жұлдыздар құпиясы».
«Мен көп ұлтты ауылда туып өстім. Әр түрлі ұлт өкілдерінен болған көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрдік. Меніңше, бір ауылда тұратын көршілер ұлтқа бөлінбестен бір-біріне мейірімді болып, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білу керек. Көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел екендігімізді ұмытпайық. Түсініспеушілік, дау-дамай ешкімге жақсылық әкелмейді, ақылды болайық, араңдатушылыққа жол бермейік» , – деп жазды Рымбаева.