Home Басты «Халықты мазақтау»: Танымал тұлғалар елордадағы түнгі отшашуды сынға алды
Басты - Қоғам - 2020 ж. Шілде 7

«Халықты мазақтау»: Танымал тұлғалар елордадағы түнгі отшашуды сынға алды

Фото: А. Ерғали, фейсбук желісінен алынды

Танымал тұлғалар пандемия кезінде Нұр-Сұлтан қаласында отшашу ұйымдастыруды сынға алды. Белгілі қоғам қайраткерлері әлеуметтік желілерде ойларын ашық жазып, елорда күніне орай ұйымдастырылған отшашуды «халықты мазақтау» деп те бағалап жатты.

«Жұлдыздар құпиясы» танымал зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің осыған қатысты өткір пікірлерін ұсынады.

Қайрат Жолдыбайұлы:

– Ел қара жамылып, қайғы жұтып отырғанда отшашу шашып, той тойлау деген бұл ең әуелі халықты мазақтау. Алты алаштың мұңынан бір адамның көңілі артық болып тұр. Ертең өздерінің басында қаралы күн болғанда, халық та от шашып, қуаныш тойын тойлап жатса, елге ренжудің қажеті жоқ. “Тоқтатыңдар” мына бассыздықтарыңды деп айтуға сөзі өтетін бір ірі тұлғаның жоқтығы өкінішті-ақ!

Қазыбек Иса: 

– ЕЛОРДАДАҒЫ ОТШАШУ ЖОҚТАУ АЙТЫП ЖАТҚАН ЕЛДІҢ ЕҢ СОҢҒЫ ҮМІТІН ДЕ ӨРТЕП ЖІБЕРДІ!?.

Мұхтар Тайжан:

– Кешегі биліктің аспанға салютпен от шашуы өте бұрыс әрекет болды деп санаймын. Бұндай қиын, қайғылы заманда той тойлау – халықтың мұнын таптауымен тең болды. Бір адамның туған күнін бүкіл елдің көңілінен жоғары қоюға болмайды. Тағы да биліктің әрекеті халықтың көңіліне қарама қарсы болды.

Сәуле Мешітбайқызы:

– САЛЮТТІ ОНЛАЙН БОЛСАДА ДОҒАРЫҢДАР, ҚҰДАЙДАН ҚОРҚЫҢДАР, АСА МӘРТЕБЕЛІ АЛТАЙ КӨЛГІНОВ МЫРЗА. ТАРИХТА ҚАРАБЕТ БОЛЫП ҚАЛМАҢДАР..! ЖАН ҚИЫЛЫП ЖАТҚАНДА ОНЛАЙН БОЛСАДА ОТ ШАШУ АРТЫҚ..! АМАНДЫҚ БОЛСА ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНДЕ 1 ЖЕЛТОҚСАНДА ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ТОЙЛАСАҚТА КЕШ ЕМЕС..! ЕЛ БАСЫ ДА ҚАЛАМАС! ҚАНШАМА ШАҢЫРАҚ ҚАРА ЖАМЫЛДЫ БҮГІН ҚАРАЛЫ КҮН..!

Бақытнұр Әлібай:

– Онлайн болғанда отшашудың мәні өзгере ме? Жұрт дәрі таппай, ауруханаға жата алмай жүргенін айтып жатыр, айтып жатыр. Жақынынан айрылып, жоқтау айтқандар қаншама. Біздің билік – меңіреу. Халқыңның бейшара хәлін салютпен бүркей алмайсыңдар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған