Home Басты Балаларға мектеп мен әлеуметтік желілерде жыныстық тәрбие берілуі керек– Министр
Басты - Жаңалықтар - 2021 ж. Қараша 8

Балаларға мектеп мен әлеуметтік желілерде жыныстық тәрбие берілуі керек– Министр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда балаларға қатысты жасалатын сексуалдық зорлық-зомбылықтың себептері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қылмыстардың көбеюіне тоқталып өтсек, біз бір жарым жыл бойы пандемия жағдайында болдық. Балалар бір жарым жыл бойы оқу орындарына сабаққа бармады. Олардың көбі үйде жабық жерлерде болды. Қылмыстың 60 пайызы отбасылық-тұрмыстық жағдайда жасалған. Зәбір көрсеткендердің 20 пайызы – әкелері, өгей әкелері, сондай-ақ аналарымен бірге тұратын адамдар. 50 пайызы жәбірленушілердің ең жақын туыстары», – деді Тұрғымбаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, зорлық-зомбылық мәселесі отбасында тұрмыстық тәрбиенің әлсіздігінен туындап отыр. Сондай-ақ, тағы бір себеп – балаларға берілетін жыныстық тәрбиенің нашарлығы.

«Зардап шеккендердің 30 пайызы өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Бұл кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер. Мысалы, денсаулық сақтау басқармасы арқылы 70 факт анықтадық. Яғни, ведомство полицияға 13-14 жастағы қыздардың жүктілікке тап болған жағдайларын хабарлады. Бұл жерде балаларға тек мектептерде ғана емес, әлеуметтік желілерде де жыныстық тәрбие беру бойынша жұмыстар атқару керек. Бұны қоғаммен бірлесіп жасау керек», – дейді ішкі істер министрі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған