Home Басты Иманбек жаңа көлігін көрсетті
Басты - Жұлдыздар құпиясы - 2021 ж. Мамыр 4

Иманбек жаңа көлігін көрсетті

Қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) Instagram желісінде өзінің жаңа көлігі – 010 IMA нөмір белгісін таққан ақ түсті Mercedes-ін көрсетті.

Сондай-ақ, ол бұрынғы көлігі Lada Priora-ны да суретке түсірген.

«Приораны сатпайсыз ғой, иә? – деп сұрады Иманбектен оқырмандардың бірі.

«Сатпаймын», – деп жауап берді музыкант.

15 наурызда Ақсу тұрғыны Иманбек Зейкенов Roses әніне жазылған ремикс үшін Grammy сыйлығын алды. Видеожазбаны миллиондаған адам көрді. Трек U.S. Billboard Hot 100 бестігіне кірді, ал рэпер Карлос Сент-Джон өзі орындайтын әнге жазылған ремикс үшін Ақсу тұрғынына алғыс айтты. Бұл тарихи оқиғаға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған