Home Басты Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті
Басты - Қоғам - 2021 ж. Ақпан 17

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

Қаралы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген.

2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған