Home Басты Президент Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды
Басты - Жаңалықтар - 2021 ж. Қаңтар 2

Президент Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды «Жұлдыздар құпиясы».

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым», делінген хабарламада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған