Home Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда 20-29 жас аралығындағы 13 жезөкше қыз ұсталды
Жаңалықтар - 2020 ж. Қазан 1

Нұр-Сұлтанда 20-29 жас аралығындағы 13 жезөкше қыз ұсталды

Нұр-Сұлтандық полицейлер интим қызмет көрсетумен күн көретін тұлғаларды ұстап алу үшін рейдтік шаралар жүргізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер сонымен қатар боди-массаж қызметін ұсынатындар мен жеңгетайлықпен айналысатындарды да анықтады.

26 қыркүйекте Біржан сал көшесінде тұтынушыларға интим қызмет көрсетуге машықтанған жас қыздарды ұсынатын жеңгетай әйел ұсталды.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінен интим қызметтер көрсетілетін массаж салоны мен пәтерлер табылды. Полицияға 20-29 жас аралығындағы 13 жезөкше жеткізілді.

Үй-жайын жезөкшелікпен айналысу мақсатында жалға бергені үшін жылжымайтын мүлік иелеріне қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған