Home Басты Қайрат Нұртас: «Тойды көре алмадыңдар, енді бәрі өліммен бітіп жатыр»
Басты - Жұлдыздар құпиясы - 2020 ж. Шілде 16

Қайрат Нұртас: «Тойды көре алмадыңдар, енді бәрі өліммен бітіп жатыр»

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас тойға қатысты айтқан сөзі оқырмандар тарапынан қызу талқыға түсті. Ол бұл ойымен «ShowNewsKZ» бағдарламасында бөлісті.

Бұл туралы «Жұлдыздар құпиясы» хабарлайды.

«Тойға қарап қалған түгіміз жоқпыз. Бізді көбісі «той әншілері» деп менсінбей жатады ғой. Біз тойға не үшін барамыз? Той – ол қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің, жақындарыңмен қауышасың. Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын», – деді Қайрат Нұртас.

Алайда, оқырман наразылығын тудырған бұл видео кейіннен ютубтан өшірілді. Дегенмен көптеген БАҚ өкілдері бұл туралы мақала жазып та үлгерді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған