Home Басты Лира Қоныс: Қысқа кигеннің бәрі жезөкше емес, ұзын кигеннің бәрі тақуа емес
Басты - Көзқарас - 2020 ж. Маусым 8

Лира Қоныс: Қысқа кигеннің бәрі жезөкше емес, ұзын кигеннің бәрі тақуа емес

Жастар орталығының қаржысын сауатсыз роликтерге жұмсағанша сауапты тірліктерге бөлуге болады. Мысалы:

1) Шымкенттегі саябақтарда отыратын орындықтар өте аз;

2) Балалар ойнайтын (тегін) алаңқайлар саусақпен санарлық;

3) Жастар мен жасөспірімдерге арналған (тегін) спорт алаңқайлары, турниктер т.б.;

4) Коворкинг орталықтар;

5) Оқымысты жастарға арналған клубтар мен білімді жастар бас қосатын жерлер…

ЖОҚ. ӨТЕ КЕРЕК!

6) Тіпті артылып бара жатса аудан, ауылдарға жастарға арналған орталықтар ашуға үлес қосыңдаршы.

Мен тізіп шыққан мәселелердің барлығы қалалық жастар орталығына қарасты болмауы мүмкін. Алайда бұның бәріне қаражат акиматтан бөлінеді.

Сосын, қазіргі көзі ашық жастарға бұл ролик өтпейді. Видеоның авторлары мен тапсырыс берушілер көптеген мектеп оқушыларының ішімдік ішетін барларда таңға дейін қыдыратынын, пәктік туралы проблемаға қатты алаңдамайтынын білетін шығар деген үміттемін. Білмейді емес біледі. Мұндай көзбояушылық пен цирк кімге керек? Проблемаға реально қарау керек. Жастардың баратын жерлері жоқ. Айналып кеп сол барлар мен кальянханаларда отырады.
Қысқа кигеннің бәрі жезөкше емес, ұзын кигеннің бәрі тақуа емес. Мәселе киімде емес санада!

Лира Қоныс

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған