Home Басты Төреғали Төреәлі: Димашты Мемлекет қорғауына алу керек
Басты - Жұлдыздар құпиясы - 2020 ж. Мамыр 26

Төреғали Төреәлі: Димашты Мемлекет қорғауына алу керек

Төреғали Төреәлі өзін Димашпен салыстыратын тыңдармандарға жауап берді, – деп хабарлайды juldyzdar24.kz порталы.

Әншінің жазбасын оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

«Жиырма бірінші ғасырда жарқ етіп әлем аспанын ән шұғылысына бөлеп, анау-мынау адамның басы айналатын биікке көтерілген – Димаш бауырымыз болды. Бұған бәріміз қуандық һәм тілекшіміз.

Оны да сан-саққа жүгіртіп, алып-қашпа әңгімеге айналдырып алатын қазақылығымыз да қалмай біраз жерге дейін еріп келді. Бірақ ол үшін Димаш бізге өкпелеген жоқ, тек өз ұлтын қалай сүю керектігін,оған қалай құрмет көрсетіп, қызмет жасау керектігін іспен дәлелдеп келе жатыр.

Димашты сырттай менімен, Қайратпен салыстырып, аракідік от салып отыратын пікірлерді көріп қалып, қынжылып қаламын. Біз Қайрекең екеуміз де Димаш бауырымыздың және сол сияқты еліміздің талантты ұл-қыздарының тек тілеуқор, жанашыры екеніміз Аллаға аян. Ешқашан бақ таластырып,бақастық туралы ойлап көрмеппіз.

Тіпті Димаштың әкесі Қанат ағамен менің әкемнің достығы, жолдастығы сонау Ақтөбеден бастау алғанын біреу білсе,біреу білмес. Ол әңгімеге арнайы тоқталамыз.

«Керуеннің жолы бір болғанымен,несібесі әртүрлі» деген қазақ. Бауырымызды тіпті мемлекеттің қорғауына алып,қамқорлық көрсетсе де артықтық етпейді. Себебі мұндай феномен қазаққа енді қашан келетінін Құдай білсін! Бүгінгі туған күнің құтты болсын,Димаш! Өзіңде тегін жігіт емессің ғой,туған күнің Айт мерекесімен тұспа-тұс кепті. Арғы аталарыңның Айтпай екенін ескерсек бұл мерекенің де саған қандай ыстық екенін білемін. Алла жолыңды ашық қылсын бауырым» , – деп жазды Төреғали.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған