Home Басты Ақбота Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен ұрсысып қалғанын айтты
Басты - Жұлдыздар құпиясы - 2020 ж. Мамыр 13

Ақбота Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен ұрсысып қалғанын айтты

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова продюсер Гүлзира Айдарбековмен қалай сөзге келіп қалғанын ашық айтты, – деп хабарлайды juldyzdar24.kz порталы.

Бұл туралы әнші «Дастархан» бағдарламасына берген сұхбаты кезінде мәлімдеді.

«Концертте мен ән айтуым керек болған. Бірақ әнші, сазгер Ержан Серікбаевтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар келді. Сол жаққа көңіл айтуға аттандық. Арыс қаласында жаназада жүрсем, Гүлзира ханым хабарласты. Маған «қайда жүрсің?» деді. Мен жаназада екенімді айттым. «Кешке дейін тез қайт» деді. Мен «бармаймын» дедім. Сол қырсыққаннан концертке мүлде қатыспайтынымды айттым. Содан Гүлзира ханым менің барлық достарымнан өтініп, мені ән айтуға ақыры көндірген еді. Қазір мұны күліп қана еске аламыз, – деді танымал әнші бағдарлама барысында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған