Басты - Сұхбат - 2020 ж. Мамыр 12

Мейрамбек Беспаев: 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын

Танымал отандық әнші «Алматы» телеарнасының бағдарламасында қонақта болып, көкейдегі ойларын ортаға салды. Бағдарлама аясында әнші 42500 теңге алушыларға қатысты өз көзқарасын білдірді, – деп хабарлайды juldyzdar24.kz.

«Бір көшеде екі бай тұрып, жағдайы төмен көршісіне қарайламағанына менің жүрегім ауырды. Бүгінде көмекті сұрап жатқан тек қана қазақтар. Оның бір себебі – жалқаулық па деп ойлаймын. Қанымызда бар. Мен алысқа кетпей-ақ қояйын, өзім де жалқаумын. Аспаннан біреу әкеліп беру керек бізге. Болмаса тіреп тұрған танысымыз болу керек. Жұмыс істемейміз. Менің маңайымдағы туысқандарым да жалқау болып кетті. Білімге ұмтылмайтын, құр жата беретін інілерім көп. Ең болмаса, 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын» , – деді Бесбаев.

Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соңғы мәліметінше 11 мамырдан бастап 42500 теңгеге өтініш қабылдау аяқталған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған