Жас ақын, «Әдебиет порталының» бас редакторы Бауыржан Қарағызұлы gu-gu.kz порталына сұхбат беріп, Жазушылар одағына қатысты өз ойын айтты.

– Баян Есентаеваны Жазушылар одағына қабылдау туралы ұсыныс айтып едім, әлеуметтік желіде. Шу боп кетті. Осыған орай өзіңіз не ойлайсыз?

– Қадірі кеткен Жазушылар Одағына кім мүшелікке қабылданбай жатыр дейсіз?! Екінің бірі – егіздің сыңары Одақтың мүшесі. Бəленбай Түгенбайұлы деген халтурчик журналист те мүше, əкім, Бас-Тық тағы да басқа толып жатыр. Олардан не қайыр?! Жазушылар Одағы деген қасиетті шаңырақтың атына кір келтіргенен басқа түк пайдасы жоқ. Əйтеуір онысыз да жетістіріп жатқандары шамалы ғой, одан да сіз ұсынып отырған Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдап алсын. Қазір соған лайық болып тұр өзі…

– Жеке сізге Одақтан не пайда? Мүшесіз ғой. Сонда мүше болған уақытан бері, одақтан не көмек көрдіңіз, не істеді сізге?

– Жөн сұрақ. «Əдебиет порталының» бас редакторы, жетекшісі болғандықтан бəрі мені мүше деп ойлайды. Дəл қазір мен мүше емеспін, қуанышыма орай… Бəлкім, Одақтың жұмысы дұрысталғанда ұсыныс болар, сол кезде мүше болармыз…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған